Редакция таңдауы

Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды

Индонезияның Джакарта қаласында өткен бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы 30 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 11 алтын, 11 күміс және 8 қола жүлде бар. Бұл нәтиже қазақстандық боксшыларға жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленуге мүмкіндік берді.

Көш басында Өзбекстан құрамасы тұр. Көршілес елдің боксшылары 21 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Үздік үштікті Үндістан құрамасы түйіндеді (5 алтын, 12 күміс, 11 қола). Сондай-ақ Жапония, Оңтүстік Корея және Индонезия құрамалары бір-бір алтын медальдан еншіледі.

U19 жас санаты бойынша жалпыкомандалық есеп:

— Өзбекстан – 11 алтын, 3 күміс, 1 қола;

— Қазақстан – 5 алтын, 4 күміс, 5 қола;

— Үндістан – 2 алтын, 7 күміс, 4 қола.

 

U23 жас санаты бойынша жалпыкомандалық есеп:

— Өзбекстан – 10 алтын, 3 күміс, 5 қола;

— Қазақстан – 6 алтын, 7 күміс, 3 қола;

— Үндістан – 3 алтын, 5 күміс, 7 қола.