Сурет: Ашық дереккөз
Оралдық 16 жастағы футболшы Кәрім Меңдіханов ресми түрде Испанияның әйгілі «Барселона» клубының ойыншысы атанды.
Жас талант енді каталониялық клубтың жастар академиясында өнер көрсетіп, әлемдегі ең үздік футбол мектептерінің бірінде шеберлігін шыңдайды.
Бұл – қазақстандық футбол үшін маңызды жетістік. Бұған дейін де шетелдік клубтардың назарын аударған Кәрім енді кәсіби мансабын Еуропаның алпауыт клубтарының бірінде жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Жанкүйерлер әлеуметтік желіде жас футболшыға сәттілік тілеп, оның болашақта Қазақстан құрамасының көшбасшыларының біріне айналатынына сенім білдіруде.
