Аймақ

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Сурет: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Болат Оралұлы Ақшолақов 1971 жылы 9 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын банк саласында бастап, кейін мұнай-газ секторына ауысты. Әр жылдары «Қазақойл», «ҚазМұнайГаз», халықаралық мұнай компаниялары мен мемлекеттік құрылымдарда жауапты қызметтер атқарды.

2006–2008 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі болды. Кейін «Самұрық-Қазына» қоры мен PSA ЖШС-де басшылық қызметтерде еңбек етті. 2012–2014 жылдары Мұнай және газ вице-министрі, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры болды.

2017 жылдан бастап Энергетика вице-министрі қызметін атқарып, 2022 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды. Кейін Мемлекет басшысының кеңесшісі қызметін атқарды.

Болат Ақшолақов «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Жаңа әкімнің мұнай-газ саласындағы көпжылдық тәжірибесі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестиция тартуға және өңірдегі өндірістік жобаларды іске асыруға ықпал етеді деп күтілуде.