Жаңалықтар

Нұрай Серікбайдың ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етпек

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Stan.kz жариялаған ақпаратқа сәйкес, марқұмның туыстары сот процесінің барынша ашық өтуін қалайды. Осыған байланысты олар сот отырыстарын тікелей эфирде көрсетуді талап етпек.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, бұл талап істің жан-жақты әрі объективті қаралуын қамтамасыз ету мақсатында қойылып отыр.

Қазіргі уақытта сот отырысының нақты күні жарияланған жоқ. Ал сот процесін тікелей эфирде көрсету мәселесі заң талаптары мен соттың шешіміне сәйкес қаралады.