Аймақ

Тоқаев Камбоджа Премьер-министрімен кездесті

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция аясында Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Камбоджамен достық пен өзара құрметке негізделген серіктестікті жоғары бағалайтынын айтты.

Президент екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік мол екенін атап өтті. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы, тоқыма өндірісі, туризм, құрылыс, тағам өнеркәсібі және көлік-логистика салалары өзара әріптестіктің негізгі бағыттарына айналуы мүмкін.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Камбоджаға бидай, тыңайтқыш және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктеріне тоқталып, БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексінде алғашқы 24 елдің қатарына кіретін Қазақстанның осы бағыттағы тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін айтты.