Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен жас жұбайы әлеуметтік желідегі тікелей эфирден кейін тағы да қызу талқыға түсті.
Тікелей эфир барысында олардың оғаш қылықтары желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікірлердің туындауына себеп болды.
Көпшілік әншінің әрекетін жасына сай емес деп бағалап, үйленгеннен кейін мінез-құлқы өзгергенін жазды.
Пікір қалдырушылардың арасында: «Жігер қуып кетті», «Әнші болып жүре бермедің бе», «Жасына сай тірлік істесейші», «Махаббат жынды қылады деген осы екен ғой», «Сөз жоқ екеуіне» деген пікірлер де болды.
Әзірге Жігер Ауыпбаев пен оның жұбайы әлеуметтік желідегі сын-пікірлерге қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
