«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып Елжас Отыншиев тағайындалды.
Елжас Отыншиев 1982 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. Мәскеу физика-техникалық институтын «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.
2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарында түрлі басшылық қызметтер атқарды. 2021–2023 жылдары KIDF ұйымында инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.
2023 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болды. Бұл қызметте қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және өзге де салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
2024 жылдың ақпанынан бері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарған.
Елжас Отыншиев 2023 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
