Жаңалықтар

Мүфтият «ифтар», «сухур» сөздеріне қатысты үндеу жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті қарым-қатынаста арабша діни сөздердің орнына қазақша атауларды қолдануға шақырды. Мәселен, «ифтар» мен «сухур» сөздерінің орнына «ауызашар» және «сәресі» деген атауларды пайдалануды ұсынды.

Сондай-ақ «ахи», «ухти», «абла», «аби», «брат», «сестра» сөздерін «бауырым», «ағам», «інім», «әпкем», «апам», «қарындасым» деп айтуға үндеді. Діни басқарманың түсіндіруінше, Құран аяттары мен намаздағы дұғалар араб тілінде оқылғанымен, күнделікті сөйлесуде қазақ тілін қолданған жөн.