Жаңалықтар

Дженсен Хуанг 33 жыл басқарған NVIDIA компаниясынан кетті

NVIDIA компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі 1993 жылдан бері бас директор қызметін атқарған Дженсен Хуанг отставкаға кетті. Ол компания басшылығынан ғана емес, директорлар кеңесінің құрамынан да шықты. Бұл туралы корпорация 12 қарашада ресми мәлімдеді.

Уақытша бас директор болып 2013 жылдан бері компанияның қаржы директоры қызметін атқарып келген Колетт Кресс тағайындалды. Енді директорлар кеңесі тұрақты басшыны іздестіруді бастайды.

Хуангтың қызметтен кетуіне оның жеке өміріне қатысты жарияланымдар мен компания төңірегіндегі дау себеп болғаны хабарланды. Бұған дейін директорлар кеңесі оның шетелдік барлау әрекетінің нысанасына айналғаны туралы ақпараттан кейін тәуелсіз тексеру басталғанын мәлімдеген.

33 жыл бойы бір компанияны басқарған тұлғаның аяқ астынан кетуі технология нарығына қалай әсер етуі мүмкін?