Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетін бекітті. Жаңа шектеулер аясында 170 ұйым мен 48 жеке тұлғаға санкция салынды.
Сондай-ақ 100-ден астам банк пен криптовалюта операторлары, «көлеңкелі флотқа» жататын 40-тан астам кеме, Ресей мен Беларусьтегі бірнеше мұнай өңдеу кәсіпорны және Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар 50-ден астам компания санкциялық тізімге енгізілді.
Олардың қатарында алысқа ұшатын дрондар шығаратын кәсіпорындар да бар. Еуроодақ бұл шаралар арқылы Ресейдің әскери және экономикалық мүмкіндіктерін шектеуді көздеп отыр.
Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас жаңа санкциялар Ресей экономикасы мен әскери машинасына бұрынғыдан да күшті қысым көрсетуі тиіс екенін мәлімдеді.
