Актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова өзінің қолдауымен бір отбасының көптен күткен сәби сүйгенін хабарлады.
Өнер иесінің айтуынша, отбасының алғашқы жүктілігі сәтсіз аяқталған. Дегенмен дәрігерлер емді жалғастырып, бесінші эмбрионды салғаннан кейін ерлі-зайыптылар ата-ана атанған.
Қуанышты жаңалығын бөліскен актриса: «Міне, бір отбасы балалы болды. Шүкір!» – деп жазды.
Желі қолданушылары Дариға Бадықованың бұл бастамасына ризашылықтарын білдіріп, жас отбасыға ақ тілектерін жаудырды.
