Аймақ

«Роскосмос»: Ресей Байқоңырдан кетпейді

Сурет: ашық дереккөз

Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Баканов Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты түрлі болжамдарға түсініктеме берді.

Jas Alash басылымының хабарлауынша, Баканов Қазақстанмен Байқоңыр бойынша ынтымақтастық тоқтайды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

Оның айтуынша, Ресей пайдаланатын үш негізгі ғарыш айлағының бірі саналатын Байқоңырдағы жұмысты қысқарту жоспарда жоқ.

Сонымен қатар тараптар «Протон-М» зымырандарын ұшыруды жалғастыру жөнінде келісімге келген.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» ғарыш кешені аясында «Союз-5» («Сұңқар») зымыранын ұшыру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр.