Аймақ

Нұралхан Көшеров: Түркістан мен Өзбекстан арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтерілді

Ақтауда өткен Қазақстан мен Өзбекстан Өңірлер басшылары кеңесінің алғашқы отырысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет басшыларының саясатының арқасында сауда-экономикалық байланыс нығайып, инвестициялық жобалар мен бірлескен бастамалар қарқынды дамып келеді.

Облыс әкімі Түркістанның Орталық Азиядағы тарихи әрі геосаяси маңызына тоқталып, туризм, көлік-логистика және инвестиция бағыттарындағы ынтымақтастықтың кеңейіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар «Самарқанд – Түркістан» туристік бағыты, халықаралық туристік пойыздар мен «Түркістаннан Бұхараға дейін» жаңа туристік маршрутының әзірленіп жатқанын жеткізді.

Жиын қорытындысында Түркістан облысы мен Өзбекстан өңірлері арасындағы өзара ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Тараптар туризм, сауда, инвестиция және өңіраралық әріптестікті дамыту бойынша жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға келісті.