Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 120-ДАН АСТАМ ӨНДІРУШІ ӨЗ ӨНІМІН КӨРСЕТТІ

Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары – 2026» және «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрме-байқаулары өтіп, оған 120-дан астам жергілікті тауар өндіруші қатысты.

Көрмеде тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс саласындағы кәсіпорындар өз өнімдерін таныстырды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Үндістанның Қазақстандағы елшісі және кәсіпкерлер қатысты.

Өңірлік байқауда жеңімпаз атанған кәсіпорындар Астанада өтетін республикалық кезеңде Шымкенттің намысын қорғайды. Көрме жергілікті өндірісті қолдап, кәсіпкерлердің жаңа мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталды.