Аймақ

«ЖАУАПТЫ СЫБЫРЛАП АЙТЫП ТҰРДЫ»: АСХАТ НИЯЗОВ АША МАТАЙМЕН СҰХБАТТАҒЫ ҚЫЗЫҚ ЖАЙТТЫ КӨРСЕТТІ

Журналист Асхат Ниязов Аша Матаймен сұхбат түсіру кезінде болған қызық жайтты әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, әншіге қойылған қарапайым саяси сұрақтарға жауаптарды жанындағылар сыбырлап айтып тұрған.

Асхат Ниязовтың сөзінше, ол Аша Матайдың саяси сауатын білу үшін бірнеше жеңіл сұрақ қойған. Алайда әнші олардың ешқайсысына жауап бере алмаған.

Кейін бейнематериалды монтаждау кезінде журналист сұхбат барысында партияластарының жауаптарды сыбырлап айтып тұрғанын естігенін айтып, сол сәттің видеосын жариялады. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқылануда.