Сурет: Шымкент қ әкімдігі
Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан ISSF әлем чемпионатында шымкенттік спортшы Валат Мұсаев алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының мүшесі жасөспірімдер арасында 10 метр қашықтықтағы қозғалмалы нысанаға (аралас) атудан үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионы атанды.
Әлемдік додаға 17 елден 85 спортшы қатысуда. Чемпион Валат Мұсаевты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Наталья Юнусметова баптайды.
