Аймақ

«ӘДІЛ СӨЗ» ҚОРЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Журналист Нәзира Дәрімбет «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының жаңа президенті болып тағайындалды.

Бұған дейін қорды 2022 жылдың желтоқсан айынан бері басқарған Қарлығаш Жаманқұл қызметінен кетті.

Мәліметке сәйкес, Қарлығаш Жаманқұл Құрылтай сайлауына қатысу үшін қызметінен кеткен. Ол билікті қолдайтын «Әділет» партиясының атынан сайлауға түсіп жатыр.

Айта кетейік, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорын 1999 жылдан 2022 жылға дейін белгілі құқық қорғаушы Тамара Калеева басқарған.