«Ахуал» YouTube арнасының авторы Азамат Омаров екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мәлімдеді.
Құқық қорғаушының айтуынша, Азамат Омаров 18 шілде күні сот шешімімен екі айға қамауға алынған.
Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша айып тағылып отыр.
Әзірге құқық қорғау органдары бұл іске қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
