АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама қазіргі әкімшіліктің сыртқы саясатын сынға алды. Оның айтуынша, Иранға қатысты әскери қысым мен дипломатиядан бас тарту АҚШ-тың қауіпсіздігіне және экономикасына кері әсер етуі мүмкін.
Обама Иранның ядролық бағдарламасын кезінде әскери күш қолданбай, келіссөз арқылы тоқтатуға мүмкіндік болғанын еске салды. Сондай-ақ ол халықаралық шиеленістің мұнай бағасы мен қарапайым америкалықтардың тұрмысына әсер ететінін атап өтті.
Бұрынғы президент америкалықтарды наразылықпен шектелмей, сайлауға қатысуға шақырды.
