Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының екінші іріктеу кезеңіндегі екінші матчында Беларусь құрамасымен кездесіп, 1:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, қазақстандықтар Беларуське қарсы өзара кездесулер тарихында алғаш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін төрт ойында жеңіске жеткен еді.
Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 9 желтоқсанда Албанияға қарсы өткізеді.
