Жаңалықтар

Автобусқа бала арбасымен мінуге тыйым салына ма? Министрлік жауабы

 

Қазақстанда қоғамдық көлікке бала арбасымен мінуге тыйым салынбайды. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, бос орын болса, ата-аналарға бала арбасын жинап алып жүру ұсынылады. Бұл ретте арба жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірмеуі тиіс.

Алайда ата-анаға арбаны жинау қолайсыз болса, оны жайылған күйінде қалдыруға болады.

Министрлік бала арбасын жинамаған ата-аналарға айыппұл салынбайтынын, сондай-ақ оларды автобустан түсіру немесе өзге де жаза қолдану көзделмегенін түсіндірді.