Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Омаров қызметкеріне дөрекі сөйлеп, жұмыстан кетуді ұсынған. Әйел басшысымен болған әңгімені жасырын жазып алып, Мемлекеттік қызмет істері департаментіне шағым түсірген. Кейін мәселе Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.
Шенеунік өз сөзін қызметкердің тапсырмаларды орындамауымен түсіндіргенімен, кінәсін мойындады. Әдеп жөніндегі кеңес оған ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.
