Жаңалықтар

Ердоғанның басты қарсыласы тағы да сотталды: 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды

Ердоғанның басты қарсыласы тағы да сотталды: 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды

Түркияда Ыстанбұлдың бұрынғы мэрі әрі президент Режеп Тайип Ердоғанның басты саяси қарсыластарының бірі саналатын Экрем Имамоғлыға қатысты тағы бір сот үкімі шықты. Анкара соты оны 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Hürriyet басылымы хабарлады.

Имамоғлы 2023 жылы оппозициялық Республикалық халық партиясының съезінде делегаттардың дауыс беру нәтижелерін бұрмалады деп айыпталған. Сот шешімі заңды күшіне енсе, оған саяси қызметпен айналысуға да тыйым салынуы мүмкін.

Бұл саясаткердің алғашқы сот үкімі емес. Бұған дейін де ол бірнеше іс бойынша жауапқа тартылып, биыл қыркүйекте тағы 2 жыл 1 айға сотталған еді. Имамоғлы Түркия оппозициясы тарапынан Ердоғанға ықтимал қарсылас әрі болашақ президенттік сайлауға үміткер ретінде қарастырылып келген.