Жаңалықтар

Шенеуніктің заң бұзған сәтін жариялау үшін рұқсат сұрау қажет емес – Қырықбаев

Шенеуніктің заң бұзған сәтін жариялау үшін рұқсат сұрау қажет емес – Қырықбаев

Лауазымды тұлғаның заң бұзушылық үстінде түсірілген бейнежазбасын жариялау үшін оның келісімін алу міндетті емес. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Құрылтай отырысында мәлімдеді.

Министр «Масс-медиа туралы» заңға енгізілетін өзгерістерді талқылау кезінде журналистердің мұндай бейнематериалдарды жариялау құқығына қатысты түсініктеме берді.