Жаңалықтар

Қонаевта мектеп оқушысы баспалдақтан құлап, көз жұмды

Қонаевта мектеп оқушысы баспалдақтан құлап, көз жұмды

Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде қайғылы оқиға болды. 11 жастағы оқушы 16 қараша күні үзіліс кезінде үшінші қабаттағы баспалдақ қоршауынан сырғанап түспек болған. Алайда тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабатқа құлаған.

Бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, оны аман алып қалу үшін республикалық, облыстық және қалалық медициналық мекемелердің балалар нейрохирургтері жұмылдырылған. 17 қарашада шұғыл ота жасалғанымен, дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, оқушы 18 қараша күні сағат 10:00-де қайтыс болды.