АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин Қытайдың Шэньчжэнь қаласында кездесіп, қысқа әңгімелесті. Бұл кездесу олардың Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздеріне дейін өтті.
Әңгіме барысында Трамп Путинге қолын созып, оны «досым» деп атаған. Сонымен қатар АҚШ президенті Ресей басшысымен арадағы қарым-қатынасы өте жақсы екенін жеткізген.
Кездесуден тараған бұл сәт әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
