Жаңалықтар

«Қазақстанда өндірілсе, шетелден сатып алудың қажеті жоқ»: Бектенов әкімдерге тапсырма берді

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық компаниялар мен отандық өнімдерге басымдық беруді талап етті. Оның айтуынша, бюджет қаржысын игеретін мердігер де, сол қаражатқа сатып алынатын материалдар мен тауарлар да мүмкіндігінше Қазақстанда өндірілген болуы керек. Егер елде белгілі бір өнімнің баламасы бар болса, оны шетелден сатып алу мемлекет мүддесіне қайшы.

Үкімет басшысы министрлер мен өңір әкімдеріне осы қағиданы қатаң сақтауды тапсырды. Сондай-ақ отандық өндірушілермен жасалатын келісімшарттар көлемін арттырып, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі кедергілерді жою қажеттігін айтты.