Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа автокөліктер бағасы 14 пайызға арзандады

Қазақстанда жаңа автокөліктер бағасы 14 пайызға арзандады

Елімізде жаңа автокөліктердің бағасы төмендеді. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің айтуынша, Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, қазан айында жаңа көліктердің құны орта есеппен 14 пайызға азайған.

Ал Қазақстанда құрастырылатын отандық автокөліктердің бағасы 17 пайыздан астам төмендеген. Бұл туралы вице-министр мәлімдеді.