Жаңалықтар

29 қарашада мәслихат сайлауы өтеді: Тоқаев кандидаттарға тең мүмкіндік беруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдап, алдағы мәслихат сайлауына дайындық мәселесін талқылады. Сайлау 29 қарашаға белгіленген.

Президент науқанның «Заң және тәртіп» конституциялық қағидаты аясында өтуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ барлық кандидаттар мен саяси партияларға тең жағдай жасалуы маңызды екенін айтты. Тоқаев алдағы депутаттық құрамның жаңаруы жергілікті өкілді органдардың жұмысын күшейтуге ықпал ететінін жеткізді.