Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырып, ведомство жұмысының негізгі бағыттарын айқындады. Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалап, қызмет тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Тоқаев «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, сыбайлас жемқорлықпен күресу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді. Сондай-ақ кадрларды іріктеу жүйесін жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қатерлердің алдын алу және мемлекеттік бағдарламалардағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмау шараларын күшейтуді тапсырды.
