Оңтүстік Кореяда қазақстандық ана мен баланың мәйіті табылды: жігіт алаяқтарға 17 млн теңгесін берген
Оңтүстік Кореяның Чхунбук провинциясынан Қазақстан азаматтары – 20 жастағы жігіт пен оның анасының мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт телефон алаяқтарының арбауына түсіп, шамамен 17 миллион теңгесінен айырылған. Өзін прокурор ретінде таныстырған қаскөйлер оған аты қылмыстық іске қатысы барын айтып, мотельге орналасып, жақындарымен байланысты үзуді тапсырған. Кейін криптовалюта сатып алғызып, ақшаны өздері көрсеткен әмиянға аудартқан.
Тергеу дерегінше, алаяқтар Қазақстанның Алматы қаласынан әрекет еткен. 2026 жылдың наурыз-маусым айларында олар 100-ден астам адамды алдап, 5,8 миллиард вонға жуық қаражатты иемденген. Шілдеде Қазақстан мен Оңтүстік Корея полициясының бірлескен операциясы нәтижесінде 19 күдікті ұсталған. Осы оқиғадан кейін Корея тарапы Қазақстанда арнайы полиция бөлімшесін ашуды ұсынып, бұл мәселе бойынша Сыртқы істер министрлігіне ресми өтініш жолдаған.
