Қоғам

Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге өседі – Саясат Нұрбек

Қазақстанда PhD докторанттарының ай сайынғы шәкіртақысы 2029 жылға дейін 500 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтай отырысынан кейін мәлімдеді.

Қазір докторанттар шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Министрдің айтуынша, төлем мөлшерін арттыру жас ғалымдарды қолдауға бағытталған.