ЖаңалықтарҚоғамСаясат

Вице-президент пен Үкімет басшысы тағайындалды

Бүгін Құрылтай жиынында Мемлекет басшысы вице-президент лауазымына Ерлан Қаринның кандидатурасын ұсынды. Вице-президентті Президент тағайындайды. Бірақ оған Құрылтайдың келісімі керек. Қатысып отырған 145 депутаттың 141-і бұл ұсынысты қолдап, дауыс берді. Қарсы шыққандар болмады. Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды.

Президент Қасым Жомарт Тоқаев үкімет басшысының лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Одан кейін Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс екенін айтты. Жалпы отырыста кандидатураны 137 депутат жақтады, 7 депутат қалыс қалды. Осылайша Бектенов Үкімет басшысы лауазымында қалды.