Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, тергеу изоляторында дәрі ішіп көз жұмған Санияның ісі бойынша қамауға алынған екі изолятор қызметкерінің адвокаты жаңа мәлімдеме жасады.
Қорғаушы Талғат Есімовтің айтуынша, күдіктілерге тағылған бап бойынша ең жоғары жаза 4 жыл болғандықтан, оларды қамауға алудың орнына үйқамақ немесе кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға мүмкіндік болған. Сондай-ақ адвокат бұл істе жауапкершілік тек кезекші қызметкерлерге жүктеліп, изолятор басшылығының әрекеттеріне әлі күнге дейін құқықтық баға берілмегенін айтты.
