Бүгін Астанада ұшатын такси алғаш рет сынақ ретінде аспанға көтерілді.
Алғашқы сынақ рейсі жолаушыларсыз өтті. Мамандар құрылғының ұшу мүмкіндіктері мен техникалық сипаттамаларын тексерді.
Бұл жоба Қазақстандағы көлік саласына жаңа технологияларды енгізудегі маңызды қадамдардың бірі саналады.
Әзірге ұшатын таксидің тұрақты қатынасы қашан іске қосылатыны және жолаушыларды тасымалдау мерзімі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
