Аймақ

Түркістанда жаңа жағажай пайдалануға берілді

Түркістан қаласындағы Орталық Азияда теңдесі жоқ Есу арнасында жаңа жағажай ашылды. Ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы қатысып, жаңа демалыс орны тұрғындар мен туристерге жайлы жағдай жасау мақсатында іске қосылғанын айтты.

Ұзындығы шамамен 1 шақырым болатын жағажайда суға түсу аймақтары, құтқару мұнаралары, киім ауыстыру бөлмелері, көлеңкелі шатырлар, балалар алаңдары, волейбол және воркаут алаңдары, катамаран мен қайық қызметі ұйымдастырылған. Су сапасы зертханалық тексеруден өткен, қауіпсіздікті арнайы дайындықтан өткен құтқарушылар қамтамасыз етеді.

Жағажай күн сайын 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру бағасы: 6 жасқа дейінгі балаларға – тегін, 7-14 жас аралығына – 500 теңге, 15 жастан жоғары келушілерге – 1000 теңге.