Саясат

Тоқаев: 2033 жылға қарай жаһандық жасанды интеллект нарығы 5 трлн долларға жетеді

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінде 2033 жылға қарай жаһандық жасанды интеллект (ЖИ) нарығының көлемі шамамен 5 триллион долларға жететінін айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, БҰҰ деректеріне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымы мен оған қатысты технологияларға салынатын инвестициялар жыл сайын орта есеппен 47 пайызға өсіп келеді.

Президент жасанды интеллектіні басқару жүйесі кешенді сипатқа ие болуы тиіс екенін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылуын тарихи шешім деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұйым алдағы уақытта жасанды интеллектіні басқарудың әмбебап халықаралық тетігінің негізін қалайды деген сенім білдірді.