Ресей президенті Владимир Путин елдегі жанармайға қатысты жағдайға пікір білдірді.
Оның айтуынша, Украина тарапынан мұнай өнімдері мен бензин жеткізу тізбегіне белгілі бір қиындықтар туындағанымен, қазіргі таңда жағдай біртіндеп тұрақталып келеді.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Кейбір қолданушылар Путиннің бұған дейін жанармай тапшылығы жоқ екенін, кейін мәселенің уақытша екенін айтқанын еске салып, қазіргі мәлімдемесімен салыстыруда.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Ресейдің кейбір өңірлеріндегі жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезектер мен келеңсіз жағдайлар түсірілген видеолар да тарап жатыр.
Айта кетейік, жанармай кезектерінде адамдардың жаппай төбелескені туралы ақпараттың ресми расталғаны әзірге жарияланған жоқ.
