Еуропадағы аптап ыстық салдарынан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін зерттеу орталығы мәлімдеді.
Мамандардың дерегінше, көз жұмғандардың 9 мыңнан астамы 65 жастан асқан. Жоғары температура жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруларының асқынуына себеп болған.
Маусым айының соңғы аптасында өлім-жітім ең көп Франция мен Бельгияда тіркелді. Германияда 5 мың адамның, ал Англия мен Уэльсте шамамен 2700 адамның қайтыс болғаны расталды.
