Жаңалықтар

Сурет: Пшық дереккөз

«Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев пен топтың қазіргі орындаушысы Ғалымжан Сүлеймен арасындағы жанжалға қатысты іс Наурызбай аудандық сотында қаралып жатыр.

Іс бойынша Мұқасан Шахзадаев куәгер ретінде өтсе, оның әкімшісі Азамат Есеркенов сотталушы мәртебесінде.
Сот отырысында Ғалымжан Сүлеймен қарсы тараппен татуласпайтынын мәлімдеді.

«Кешірмейміз. Сотталушының әрекетінде қылмыстық құрам бар. Сот-медициналық сараптама қорытындысы да бар. Сондықтан татуласпаймыз», – деді жәбірленуші тараптың адвокаты.

Ғалымжан Сүлейменнің айтуынша, жанжалға дейін Мұқасан Шахзадаев оған телефон арқылы хабарласып, балағат сөздер айтқан. Кейін арадағы мәселені бейбіт жолмен шешу үшін әншінің үйіне барғанын жеткізді.

Оның сөзінше, келесі күні үйге Азамат Есеркенов келіп, араларындағы жағдайдың ушығуына себеп болған.

Жәбірленуші өзін алдымен Мұқасан Шахзадаев, кейін Азамат Есеркенов соққыға жыққанын айтып, оқиғаның нақты себебін әлі күнге дейін түсінбейтінін жеткізді.