Саясат

Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова депутаттыққа ұсынылды

Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова депутаттыққа ұсынылды,деп хабарлайды Орхон.кз.

Бұрынғы прокурор, қоғамға Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі мемлекеттік айыптаушы ретінде танылған Айжан Аймағанова парламент депутаттығына ұсынылды.

Оның есімі саяси партиялардың бірінің Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімінен табылған. Осыдан кейін Айжан Аймағанова прокурорлық қызметтен кеткенін мәлімдеді.

Айжан Аймағанова Бишімбаев ісіндегі ұстанымы мен кәсіби қызметі арқылы көпшілікке танылған. Оның депутаттыққа ұсынылуы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.