Түркістан Облысы, Келес Ауданы, Ақтөбе Ауылдық Округы, Ынтымақ ауылында халық ауыз суға зар болып отыр. Ауыл тұрғыны «Тұрғын» ақсақалдың айтуы бойынша, «2022 жылы 200 миллион теңге, 2023 жылы 606 миллион теңге бюджеттен бөлініп құдық қазылса да су жоқ. Қазіргі таңда халық ауыз суды есек арабамен көрші ауылдан тасып ішуге мәжбүр болуда». Осы мәселені Келес Ауданы әкіміне жаза-жаза қолымыз жауыр болды, бізді тыңдар емес, бір сөзбен айтқанда Келес Ауданы әкімі Агибаев Жанібек түк жұмыс жасамайды, ендігі бар үмітіміз Түркістан Облысы әкімі Нұралхан Көшеров мырзада»-деп, сөзін аяқтады ауыл ақсақалы.
