Facebook әлеуметтік желі қолданушысы Самбетов Жанболат өзінің парақшасында, Түркістан Облысы, Сарыағаш Ауданында мал ұрлығы көбейіп кеткендігін, бұл мәселеге Сарыағаш Ауданы полиция бөлімі салғырт қарап жатқандығын айтып жазба қалдырды.
«Түркістан Облысы, Сарыағаш Ауданында мал ұрлығы өршіп тұр. Өзім бірнеше адамнан есіттім малдарын ұрлатып таппай жүргенін. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне барса олар арызды тіркемей отыр екен себебі түсініксіз. Арызды тіркемеуге қандай себеп болуы мүмкін? Мысалы; Ералхан Юсупов қолма-қол арыз қабылдамаған соң еговпен жазып тіркеттім дейді. Бірақ оның да уақтын созып бір-біріне лақтырып салғырттық танытып отыр екен. Қарапайым мал ұрлығын аша алмай отырған полиция басқа қылмысқа қарсы қалай күреседі?
Мынау Ералханның еговпен жазған арызы.
10.11.2025 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округы Шеңгелді ауылында Кілтбек құдық мал жайылымдағы қорымның жанында жайылып жүрген жерінен менің бес тайымды Кұны 1 000 000 тенге, 1 бас атың құны 750 000 теңге туыстарым Е.Журкабаевтың 3 бас жылқысы оның ішінде 1 тай, 2 бие, жалпы құны 1 200 000 теңге М.Қайыповтың 1 бас өгіз құны 600 000 теңге тұратын малдарды белгісіз тұлғалар адамдар тобы болып жасырын ұрлап кеткен. Осыған заңды шара қолдануыңызды сұраймын. Арыз иесі Юсупов Ералхан.
Құрметті Түркістан Облысының Полиция Департаменті бастығы Мұрат Қабденов мырза өзіңіз назар аударуыңызды сұраймыз Сарыағаштан қайран жоқ!
Әлеуметтік желі қолданушысы Самбетов Ж, кейінгі жазбасында Сарыағаш полицясы мал ұрлығын тіркегенін, алайда салғырт қарап жатқандығын жазып Түркістан Облысы бас полицясы генерал М.Қабденовтан өз бақылауына алуын сұраған.
