Түркия пезиденті Режеп Тайып Ердоған бүгін ресми сапармен Қазақстанға келді. Ердоған қарбалас дипломатиялық кесте аясында Астанадағы екіжақты кездесулерден кейін Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері төтенше емес көшбасшылар саммитіне қатысады.
Президент Ердоғанның Қазақстандағы іс-шаралары Астанадан басталады. Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке кездесетін Ердоған содан кейін әріптесімен Түркия-Қазақстан Жоғары Деңгейлі Стратегиялық Ынтымақтастық Кеңесінің отырысына төрағалық етеді.

Кездесулерде «жетілдірілген стратегиялық серіктестік» деңгейіндегі екіжақты қарым-қатынастар барлық тараптарымен бағаланып, екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған қадамдар қарастырылады.
Сауда көлемінде мақсат 15 миллиард доллар
Сапардың экономикалық бөлігінде екі ел арасындағы 15 миллиард долларлық сауда айналымы мақсаты мен энергия саласындағы ынтымақтастық жобалары басты күн тәртібінде болады. Осыған орай, әртүрлі салаларда жаңа ынтымақтастық хаттамалары мен келісімдерге қол қойылуы күтілуде. Сондай-ақ, Ердоған мен Тоқаевтың Түркия-Қазақстан Іскерлік Форумына қатысып, екі елдің кәсіпкерлерімен кездесу және инвестициялық мүмкіндіктерді бағалау жоспарланып отыр.
Түрік әлемінің рухани астанасында көшбасшылар саммиті
Астанадағы кездесулерін аяқтағаннан кейін Түрік әлемінің рухани астанасы Түркістанға өтетін Президент Ердоған, мұнда ТДТ Ресми емес көшбасшылар саммитіне қатысады.
Саммит аясында Ердоған, қатысушы мемлекеттер мен үкімет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізетін болады, сонымен қатар Орта Шығыстағы қазіргі жағдайларды басты назарда ұстап, аймақтық және жаһандық мәселелерге байланысты маңызды хабарламалар беретіндігі күтілуде.
