38 жастағы Ирина Керн 20 қыркүйекте жоғалып кеткен. Бүгін оның денесі Теміртаудан 22 шақырым қашықтықта табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған.
Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Марқұмның артында үш баласы қалды.
