Ертең, 2025 жылы 4 желтоқсанда Астанаға Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
«Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды».
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдаған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz
