ҚазҰУ жатақханасында көз жұмған 17 жастағы студент жер қойнына тапсырылды,деп хабарлайды orhon.kz.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасында қаза тапқан 17 жастағы Дауыл Бәкіртай Шымкентте жерленді. Марқұм мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, университетке мемлекеттік грантпен түскен. Ол оқуда озат болып, өзі білім алған топтың старостасы болған.
Марқұмның жақындарының айтуынша, қайғылы оқиға алдында оны жатақханада жоғары курс студенттері оятып, соққыға жыққан. Кейін жігітті бөлмесіне апарып жатқызған көрінеді. Аталған жағдайға қатысты тергеу барысы мен құқық қорғау органдарының ресми мәліметі маңызды.
