Редакция таңдауы

Еуроодақ Wildberries негізін қалаушы Татьяна Кимге санкция салды

Еуроодақ Wildberries негізін қалаушы Татьяна Кимге санкция салды

Еуропалық Одақтың санкциялық тізіміне 145 жеке және заңды тұлға енгізілді. Олардың қатарында Wildberries маркетплейсінің тең құрылтайшысы, ресейлік миллиардер Татьяна Ким де бар. Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барроның мәлімдеуінше, шектеулер компанияның Ресей армиясына арналған жабдықтау желісі ретінде пайдаланылуына байланысты енгізілген.

Өз кезегінде Wildberries санкциялар компанияның жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді. Компанияның Еуропалық Одақ аумағында активтері жоқ екенін алға тартып, барлық қызметі әдеттегі режимде жалғасатынын жеткізді.