Жаңалықтар

Теміртау маңынан екі айға жуық іздеуде болған әйелдің мәйіті табылды

38 жастағы Ирина Керн 20 қыркүйекте жоғалып кеткен. Бүгін оның денесі Теміртаудан 22 шақырым қашықтықта табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Марқұмның артында үш баласы қалды.