Шарын шатқалы әлемдегі үздік 20 каньонның қатарына енді
Қазақстанның көрікті табиғи орындарының бірі – Шарын шатқалы The Worldworthy 100 халықаралық рейтингісінде 17-орынға тұрақтады. Canyons & Gorges санатында ұлттық паркке 10 балдың ішінен 9,48 балл берілген.
Жалпы рейтингке 46 елден 100 каньон мен шатқал енген. Бірінші орынды АҚШ-тағы Letchworth Gorge иеленсе, Шарын шатқалы Мексика мен Францияның танымал табиғи нысандарының арасында орналасқан. Рейтинг ұйымдастырушылары ұлттық паркке арнайы сертификат жолдаған.
Қазақстанның табиғи байлығы әлемдік деңгейде осылай бағалануы сізді қуанта ма? Пікіріңізді қалдырып, біздің парақшаға тіркелуді ұмытпаңыз!
